"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА АВСТРИЯЛЫҚ "PROCESS AND PLANT INDUSTRIES AG" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 17 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына австриялық "Process and Plant Industries AG" компаниясының өкілдері келді.

Компания пайдаланылған күкірт қышқылын регенерациялау қондырғыларын (РОСК)

салу жөніндегі жобаны іске асыруға мүдделі, оның технологиясы құрамында күкірті бар газдар мен сұйықтықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік береді, шығу кезінде таза (диоксид күкірт (SO2) шығарылған) ауаны алады.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Қабашев АЭА-ның қызметімен, қолданыстағы заңнама нормаларымен және одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Кездесуге сондай-ақ Ұлттық технологиялық болжау орталығы мен Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 144